Әрбір дауыс маңызды, әрбір азаматтың пікірі құнды
Құрылтай - тарихтың жалғасы, халық үнінің көрінісі. Құрылтай – халықтың мұң-мұқтажын, ұсынысы мен пікірін жеткізетін маңызды алаң. Сондықтан депутаттарды сайлау мәселесіне әрқайсымыз бейжай қарамауымыз керек. Елдің ертеңі – бүгінгі таңдаудан басталады.Сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Өз таңдауымыз арқылы біз елдің дамуына, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігіне өз үлесімізді қоса аламыз. Әрбір дауыс маңызды, әрбір азаматтың пікірі құнды.
Сондықтан баршаңызды 23 тамыз күні сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз! Өз таңдауыңызды жасап, ел болашағына бейжай қарамайтыныңызды көрсетіңіз.
23 тамызда сайлауға қатысайық, өз таңдауымызды жасайық!










