Құрылтай – ұлттық бірліктің берік негізі
Құрылтай – халық пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға ықпал ететін маңызды алаң. Елдің болашағы әрбір азаматтың белсенділігіне, жауапкершілігіне және ортақ мақсатқа жұмыла білуіне байланысты.Егеменді еліміздің болашағы жарқын болуы үшін әрбір қазақстандық дұрыс таңдау жасай білуі керек. Әрбір азамат еліміздің ертеңі өз қолымызда екенін сезініп, сайлауға бірауыздан қатысқаны абзал.
Сайлау нәтижесі елімізде жаңа серпін беріп, болашаққа қадам басатыны анық. Сол себепті баршамыз ауызбіршілік танытып сайлауға белсене қатысайық.









