Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауыс беру маңызды

Дауыс беру маңызды

Арал аудандық №42 сайлау учаскесінде таңмен таласа дауыс берушілердің қарасы қалың. Соның ішінде зейнеткер Марат Қуанышов та өз дауысын берді.   
– Жоқшылықтың дәмін татқан, өмірдің ащысын да, тұщысын да көріп келе жатқан бізден гөрі, жастар, сендердің замандарың жақсы ғой. Елдің елдігін көрсетіп, сайлауға түгел қатысайық, дауыс беру арқылы болашағымызды айқындайық, бізді бақытты болашақ күтіп тұр!Егеменді еліміздің болашағы жарқын болуы үшін әрбір қазақстандық дұрыс таңдау жасай білуі керек. Әрбір азамат еліміздің ертеңі өз қолымызда екенін сезініп, сайлауға қатысуға тиіспіз.
Өз тарихында "бірлік керек" деген сөзді қазақтан басқа айтқан ұлт жоқ шығар. Өйткені мемлекет үшін бірлік бізге ауадай қажет. Сайлау халықты біріктіруге бағытталған. Сайлау нәтижесі елімізде жаңа серпін беріп, болашаққа қадам басатыны анық. Сол себепті баршамыз ауызбіршілік танытып сайлауға белсене қатысайық, – деп зейнеткер Марат Қуанышов барша жұртшылықты дауыс беруге шақырды. 

К. ЗДЕНОВА
19 наурыз 2023 ж. 407 0