Ел болып болашақты бірге жасайық
23- тамыз еліміз үшін өте маңызды саяси күн. Сайлау халықтың билікке деген сенімінің және азаматтық қоғамның кемелдену деңгейінің көрсеткіші. Ал елдің қарыштап дамуы мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасына, олардың сенімі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сол үшін де бұл барлығымыз үшін жауапты кезең. Шын мәнінде, еліміз ұлы өзгерістер қарсаңында тұр. Әрине, көптеген адамдар алдағы сайлаудан үлкен өзгерістер күтеді. Бұл біздің еліміз үшін маңызды оқиға. Ел болып болашақты бірге жасайық. Әрқайсыңыздың дауысыңыз маңызды! Дауыс берейік, тарихты жаңартуға атсалысайық!










