Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз таңдауыңа жауапкершілікпен қарау – елдің ертеңіне деген құрмет

Өз таңдауыңа жауапкершілікпен қарау – елдің ертеңіне деген құрмет

Қазақ халқында елге қатысты маңызды мәселелерді көп болып ақылдасып, кеңесіп шешу дәстүрі ертеден қалыптасқан. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген нақылдың өзі көптің пікіріне сүйенудің маңызын көрсетеді. Бүгінде осы жақсы дәстүр Құрылтай арқылы жаңа сипатта жалғасып келеді. Құрылтай – қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, азаматтардың ұсыныстары мен түрлі пікірлері ортаға салынатын маңызды қоғамдық алаң.
23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл күн әр азаматқа өз таңдауын жасап, елдің дамуына қатысты көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді. Сайлауға қатысу арқылы азаматтар қоғамдық үдерістерге белсенді араласып, өз азаматтық ұстанымын көрсете алады. Сондықтан әрбір азаматтың таңдауы мен пікірі маңызды. Еліміздің ертеңі үшін дауыс беруге асығайық.
21 тамыз 2026 ж. 52 0