Аққұм ауылының ақсақалдары дауыс берді
Аққұм ауылдық округіндегі № 26 сайлау учаскесі бойынша ауыл ақсақалдары келіп өз дауыстарын беріп, бүгінгі Құрылтай сайлауының оң шешімін табуына өз үлестерін қосты. Сонымен бірге Ауыл ақсақалдарының ұлттық киімін киіп, бір мезетте келіп дауыс беру ұйымдастырылды. Ауыл ақсақалы зейнеткер Жиеналиев Тілектес қария ауыл халқына бата тілектерін білдірді.









