Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Құдай қаһарын азайтпайды": Роза Әлқожа 40 жасқа келгенде орамалын тастамауға уәде берді

"Құдай қаһарын азайтпайды": Роза Әлқожа 40 жасқа келгенде орамалын тастамауға уәде берді

Белгілі әнші Роза Әлқожа халықты имандылыққа шақырып, ақыл айтты

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында  қырық жасқа келгенде орамалымды тастамаймын деп айтып, аз уақыт қалғанын байқамай қалғанын жеткізді. Жасағанның парызын киетін уақытына дейін өзіміз шешіп қойдық деп налыды өнер иесі. Роза Әлқожа халыққа өмір туралы сұрақ қойып, имандылыққа шақырды.
"Қырық жасқа келгенде орамалды мүлде тастамай тағамын" деген сөзіме қазір күлкім келеді. Екі жарым жыл қалды ғой. Бірақ, Алла парыз еткен дүниені саудаға салып жүрген менде ес жоқ екен-ау деймін де! Біз қайдан келгенімізді, қайда баратынымызды жиі ұмытып қаламыз. Құрсақтан құрлыққа жеткеніміз кімнің арқасы? Алшаңдай басып, асықпай сөйлейтініміз ше? Желпіп өткен жел емес, уақыт! Ал, біз құрлықтан қабірге барар жолда не бітірдік? Қызыл-жасылға арбалған көзді қайттік?! Ғайбаты көп, әйбаты аз сөзді қайттік?!" - дейді ол.
Адамның емес, Алланың айтқаны болатынына көзі жеткен әнші о дүниенің бар екенін жұрттың есіне салды. Роза Әлқожа халықтың жер бетінің уақытша тұрғыны екенін де айтты.
"Шаңның тозаңындай ғана салмағымызбен жер бетінің уақытша тұрғыны екенімізді ұмытып, бәрі менің ойымдағыдай болады деп қиялдаймыз. Алла ойға емес, ниетке береді. Айта бермей, жасау керек. Сосын ағаштан бір тал жапырақ Алланың әмірімен жерге түседі. Сен қалаған күні түспейді бірақ. Орамал дүниенің бір бұрышында орамды ой айта алмай, шариғаттың заңына орала беретініміз бекер емес. Біз тәңір деп жеңілдеткенмен Құдай қаһарын азайтпайды. Біз ниетім дұрыс дегенмен, Алла тексергенді ұнататын мұғалім іспетті. Тақтаға шығатынымызды ұмытпайық. Ол кезде тоқтамай сабақ айтуға тура келеді. Оразадағы тілек-ғибадаттарыңыз қабыл болсын!", - дейді Роза.
http://stan.kz
15 мамыр 2019 ж. 1 177 0