Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заттыбек Көпбосынұлы екінші рет әке атанды.

Заттыбек Көпбосынұлы екінші рет әке атанды.

Танымал әнші, “Ақ маржан” хитінің орындаушысы Заттыбек Көпбосынұлының шаңырағында үлкен қуаныш. Алғашқы перзентін 10 жыл күткен Заттыбектің атұстары дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.“Сүйінші! Ақ Зәкем, ұлдың бауы берік болсын! Айзере әпке атанып жатыр екен. Өсіп-өніп, өрде ғана жүре беріңіздер! Құтты болсын, қамшыұстар!” – деп бірінші болып әріптесін құттықтады әнші Роза Әлқожа.
Айта кетейік, Заттыбек Көпбосынұлының мектеп жасындағы Айзере есімді қызы бар. Әнші отау құрғаннан кейін тұңғышын 10 жылға жуық уақыт күткен. Міне, араға 6 жыл салып өнер иесі екінші рет әке атанып отыр.
Stan.kz
23 қараша 2018 ж. 4 240 0