Досымжан Таңатаров ұлды болды
Әнші Досымжан Таңатаровтың отбасында үлкен қуаныш. Өнер иесі төртінші мәрте әке атанды. Енді әншінің екі ұл, екі қызы бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Сүйінші хабарды бөліскен ағайынға мың алғыс! Қуаныш сіздерге де жұғысты болсын. Алланың қалауымен бір ұл, екі қыздан кейін Айнұрым екеуміз тағы да ұлды болдық”, – деп қуанышымен бөлісті әнші желідегі парақшасында.Келіншегі босанған кезде Таңатаровтың өзі сахнада болған. Өнер иесі ұлды болғанын “Ән мен әнші” бағдарламасы кезінде естіген.
stan.kz