Халқымыз балаға неге айдар қойған?

Ер бала 12 жасқа толғанда айдары кесіледі. Бұл кезде де үлкен той жасалады. Жиылған жұртқа мүшел жасқа толған баланың алғашқы құрбандығы етіп қиылған айдар көрсетіледі. Ғалымдардың айтуынша, ұл балаға айдар қиылған соң басқа шаш үлгісі – байдалы қойылады.
Тарихи деректерде Кенесарының інісі Наурызбай батырдың да айдары болғаны жайлы айтылады. Ал “Қобыланды батыр”жырында “Тұлымдыны тұл қылды, Айдарлысын құл қылды”, – деген жолдар кездеседі.Әлем халықтарында да балаға шаш қоюдың өзіндік дәстүрі бар. Соның ішінде қазақтың айдарына ұқсас үлгіні Таиланд халқы да көп қолданған. Олар айдарды аурушаң, әлсіз балаға қойып, айдар оған күш береді деп сенген. Сонымен бірге Қытай, Мысыр халықтары болмысынан өте сүйкімді, алып болып туған балаларға “көз тимесін” деген ниетпен айдар қояды. Ал моңғол, маньчжур, қалмақ, украин, түрік халықтары ежелде айдарды жыныстық айырмашылықтың белгісі ретінде қойған.