Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында рейдтік іс-шаралар өтуде

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында рейдтік іс-шаралар өтуде

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өтуде.
Оған прокуратура мен полиция органдарының қызметкерлері бірлесіп қатысуда. Рейд барысында көңіл көтеру орындарындағы құқықтық тәртіптің сақталуы, оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілеріне және кәмелетке толмағандардың болмауына ерекше назар аударылады.
Аталған іс-шаралар «Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясында жүргізілуде. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қызылорда облысының прокуратурасы өңіріміздің тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары.jpeg
27 тамыз 2026 ж. 42 0