Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҮНГІ РЕЙД: ТӘРТІП ПЕН ТЫНЫШТЫҚ ЖІТІ НАЗАРДА

ТҮНГІ РЕЙД: ТӘРТІП ПЕН ТЫНЫШТЫҚ ЖІТІ НАЗАРДА

Қала қараңғылық көрпесін жамылған сәтте, тыныштықты сақтауға бағытталған түнгі рейдтік шаралар ұдайы жалғасып келеді. Маңызды бастама бүгін де жалғасуда.
Бұл шара – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қадағалау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда.

Рейд барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қала көшелерін, демалыс орындарын және көпшілік жиылатын аймақтарды аралап, қоғамдық тәртіпті бақылауға алуда.

Мұндай іс-шаралар қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
13 қараша 2025 ж. 203 0