Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев қоғамдық тәртіпті бақылауға байланысты құрылған рейдтік топпен бірге жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралады.
Рейд барысында компьютерлік ойын - сауық орындары, қоғамдық орындар мен спорт алаңдары қамтылды.
Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатындағы арнайы рейдтік топтың жұмыстары алдағы уақытта да ұдайы жүргізілетін болады.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 желтоқсан 2024 ж. 94 0