Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АУДАНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Арал ауданы әкімдігінің жанынан құрылған мобильді топ мүшелері санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.Кезекті рейд барысында аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов бастаған мобильді топ мүшелері мен құқық қорғау органдары мамандары аудан орталығындағы адам көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтарымен тамақтану орындарында санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап, бетперде (маска) тағу, арақашықтық сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары кезінде рейдтік шаралар әрі қарай да жалғаса беретіндігі ескертілді.
Құрметті аудан тұрғындары! Қауіпті кеселдің алдын алу мақсатында аталған рейдтік жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Қоғамдық ортада өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін санитарлық ережелерді бақылауда ұстап, сақтық шараларын естен бір сəт шығармауларыңызды сұраймыз.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
14 қараша 2021 ж. 510 0