Рейд барысында той жасағандарға айыппұл салынды

Түсіндірме жұмыстары барысында кəсіп иелеріне карантиндік талаптардың сақталуы мен қызметкерлердің қорғаныш құралдарын пайдаланып жұмыс жасауы қажетігі ескертілді.
Сондай-ақ, ғимарат ішінде жиі дезинфекция жасалып, антисептикалық құрылғылармен қамтамасыз етілуі мен арақашықтықтың сақталуын қадағалауды тапсырды.
Бұдан бөлек рейд барысында той жасаған бір тұрғынға айыппұл салу жөнінде хаттама толтырылды.
Құрметті аудан тұрғындары! Көршілес аймақтарда эпидемиологиялық ахуал мəз емес, ауру саны да артып отыр. Біздің өңірде де науқастар əліде тіркелуде. Сондықтан өз денсаулығымызға, жақындарымызға барынша жанашырлық танытып, сақтық шараларын естен бір сəт шығармауларыңызды сұраймыз.