Мерекелік күндері рейдтік шаралар ұйымдастырылды

Кәсіпкерлік нысан иелеріне карантиндік талаптардың сақталуы мен қызметкерлердің қорғаныш қолғаптарын киіп, бетперде тағып жұмыс жасауы қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ, ғимарат ішінде жиі дезинфекция жасалып, антисептикалық құрылғылармен қамтамасыз етілуі мен арақашықтықтың сақталуын қадағалау ұсынылды.
Мобильді топ тарапынан жүргізілген кезекті рейд шараларының нәтижесінде 3 тұрғын үйде, 2 мейрамханада және 1 мейманханада той өткізу жағдайлары анықталды. Соған сәйкес қолданыстағы заңнама аясында хаттама толтырылып, тиісті органдарға жолданды.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі