Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда күндізгі рейд жұмысы жүргізілді

Ауданда күндізгі рейд жұмысы жүргізілді

Кеше карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері күндізгі рейд жұмыстарын жүргізді. Тексеру шаралары кезінде мобильді топ дүкендер мен қоғамдық орындарды аралап, кәсіпкерлік нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуын тексерді.
Кәсіп иелеріне аудандағы қалыптасқан ахуал жайы айтылып, вирустың таралуын тежеу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Рейд жұмыстарының нәтижесінде санитарлық талаптар сақталмаған 3 кәсіпкерлік нысан анықталды. Соған сәйкес колданыстағы заңнама аясында хаттама толтырылып, құзырлы органдарға жолданды.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 ақпан 2021 ж. 609 0