Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҮНГІ РЕЙД ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮНГІ РЕЙД ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.
Рейд кезінде дүкендер және өзге де қоғамдық орындардың жұмыс уақыттары тексерілді Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде қойылған шектеу уақытынан кейін 2 дүкеннің ашық тұрғандығы анықталды.
Дүкен иелеріне аудандағы қалыптасқан ахуал жайы айтылып, вирустың таралуын тежеу бағытында белгіленген уақыттан артық жұмыс жасамау жөнінде тиісті ескертулер айтылды. Сонымен қатар, қаладағы Д.Қонаев көшесіндегі тұрғын үйде үйлену тойы өтіп жатқандығы анықталып, той иелеріне ескерту жасалды.
Алдағы уақтытта мобильді топ мүшелері күшейтілген рейдтік шараларды күнделікті жүргізетін болады.
Карантин режимінің талаптарын сақтамай, шектеу уақытынан кейін жұмыс жасаған қоғамдық орындар мен жеке тұрғын үйлерде үйлену тойлары, қыз ұзату және өзге де отбасылық дәстүрлі шараларды жасағандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салынатындығын жариялы түрде ескертеміз .
Барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

22 шілде 2020 ж. 946 0