Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері түнгі рейд жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Аталған топ жүргізетін рейд кезінде көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар, дүкендер және өзге де қоғамдық тамақтану орындары мен саябақтар қамтылып отыр.
Әдеттегідей, аудан әкім М.Оразбаев бастаған мобильді топ мүшелері бүгін де үш бағытқа бөлініп, індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, арнайы дыбыс күшейткіш құралдары арқылы әрбір аумақ бойынша шектеу шаралары үздіксіз хабарланды.
Рейд барысында карантин талаптарын ескермей, бетпердесіз демалыс алаңдарында көптеп шоғырланған аудан тұрғындары мен бірқатар кәсіпкерлік нысандардың уақытылы жұмысын тоқтатпау фактілері анықталды.
Анықталған көріністер бойынша әрбір тұрғынға, кәсіп иесіне аудандағы қалыптасқан ахуал жайы айтылып, вирустың таралуын тежеу бағытында жекелей түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өкінішке орай, көпшілік тұрғындарымыз халықтың амандығына негізделген ортақ мүддеге әлде де немқұрайлық танытып, құлақ аспауда.
Тағы да ескертеміз, аудандағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – баршаға ортақ міндет.
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздер мен біздер болып күнделікті әрбіріміздің амандығымыз үшін БАҚ құралдары, сала мамандары тарапынан беріліп жатырған ескертулерге құлақ асып, тәртіпті сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл уақытша қиындық. Сондықтанда сабыр сақтап, саналы түрде өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың амандығы үшін жұмыла күресейік.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
03 маусым 2020 ж. 1 136 0