Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҮНГІ РЕЙД: ТӘРТІПТІ САҚТАУ - ОРТАҚ МІНДЕТ

ТҮНГІ РЕЙД: ТӘРТІПТІ САҚТАУ - ОРТАҚ МІНДЕТ

Аудан әкімі бастаған мобильді топ мүшелері дәл қазіргі уақытта қала орталығындағы алаң мен орталық маңындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, карантин талаптарына мойынұсынбаған аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Көпшілік қауымда бетперде режимі сақталмаған. Кейбір дүкендердің 22:00-ден кейінде жұмыс жалғастырып отырғаны анықталды. Осы орайда топ мүшелері көпшілікке топтасып жүрудің қауіпті екендігін ескертіп, үйлеріне қайтару бағытында шаралар қабылданды.
Атап өткен жөн, аудан әкімі М.Оразбаев бастаған мобильдік топ мүшелерінің құрамында аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының және аудандық білім бөлімінің, аудандық ішкі саясат, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімдерінің басшылығы мен қызметкерлері, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бар.
Құрметті аудан тұрғындары! Қазіргі таңда аудандағы ахуал мәз емес. Сондықтан, өз денсаулықтарыңыз бен еліміздің амандығы үшін тиісті сала мамандарының ескертулеріне құлақ асып, жақындарыңыз үшін топтасып жүруді тоқтатуларыңызды сұраймыз.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
02 маусым 2020 ж. 819 0