Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҮНГІ РЕЙД: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

ТҮНГІ РЕЙД: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Қазіргі таңда пандемия салдарынан еліміздегі ахуал күн санап күрделенуде. Осы орайда карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері түнгі рейд шарасын күделікті жалғастыруда.
Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері бүгін де індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында карантин талаптарын бұзған 2 кәсіпкерлік нысан анықталды. Анықталған жағдай бойынша Арал аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан хаттама толтырылып, ескерту шарасы берілді.
Атап өту қажет, денсалық сақтау министрінің 03.06.2020 жылғы №347 бұйрығына сәйкес карантиндік шектеулер енгізілген аумақтарда карантин талаптарының сақталуын тексеру көзделген. Осыған орайда, әрбір карантин режимін сақтамағандарға әкімшілік құқұқ бұзушылық кодексінің 462 бабының 3-бөліміне сәйкес айыппұлдар салынатындығын естеріңізге саламыз.
Барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз.
Құрметті аудан тұрғындары! Өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін БАҚ құралдары, сала мамандары тарапынан беріліп жатырған ескертулерге құлақ асып, тәртіпті сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл уақытша қиындық. Сондықтан да сабыр сақтап, саналы түрде өз денсаулығымыз бен қоғамымыздың саулығы үшін жұмыла күресейік!
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
19 маусым 2020 ж. 856 0