Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КАРАНТИНДІК ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН 3 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

КАРАНТИНДІК ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН 3 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері түнгі рейд жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.
Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері бүгін індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, арнайы дыбыс күшейткіш құралдары арқылы әрбір аумақ бойынша шектеу шаралары үздіксіз хабарланды.
Рейд барысында карантин талаптарын бұзған 3 кәсіпкерлік нысан анықталды. Анықталған жағдай бойынша Арал аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жолданды.
Атап өту қажет, денсалық сақтау министрінің 03.06.2020 жылғы №347 бұйрығына сәйкес карантиндік шектеулер енгізілген аумақтарда карантин талаптарының сақталуын тексеру көзделген. Осыған орайда, әрбір карантин режимін сақтамағандарға әкімшілік құқұқ бұзушылық кодексінің 462 бабының 3-бөліміне сәйкес айыппұлдар салынатындығын естеріңізге саламыз.
Тағы да ескертеміз, аудандағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – баршаға ортақ міндет.
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздер мен біздер болып күнделікті әрбіріміздің амандығымыз үшін БАҚ құралдары, сала мамандары тарапынан беріліп жатырған ескертулерге құлақ асып, тәртіпті сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл уақытша қиындық. Сондықтанда сабыр сақтап, саналы түрде өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың амандығы үшін жұмыла күресейік.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
09 маусым 2020 ж. 729 0