Карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс

Карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері күндізгі және түнгі мезгілде рейд жұмыстарын жүргізуде.
Кезекті түнгі рейд шарасы Сексеуіл кентінде жүргізілді.
Рейд кезінде дүкендер және өзге де қызмет көрсету орталықтары мен қоғамдық орындардың жұмыс уақыттары мен карантин талаптарының сақталуы тексерілді. Нәтижесінде 4 кәсіпкерлік нысанда карантин талаптарының бұзылғандығы анықталды. Қолданыстағы заңнама аясында кәсіп иелеріне тиісті айыппұл салу жөнінде хаттама толтырылып, құзырлы органдарға жолданды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Карантин режимінің талаптарын сақтамай, шектеу уақытынан кейін жұмыс жасаған қоғамдық орындар мен жеке тұрғын үйлерде үйлену тойлары, қыз ұзату және өзге де отбасылық дәстүрлі шараларды жасағандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара көрілетіндігін ескертеміз .
Барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз.







Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі