Ауданда рейд шаралары жалғасуда

Карантин режиміне сәйкес кәсіпкерлік нысандар, дүкендер, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары, көлік жуу орталықтары күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап, белгіленген уақыттан кейін жұмысын тоқтатуы қажет. Сонымен қатар, тұрғын үйлерде адамдардың көп шоғырлануын болдырмау үшін жиын-тойларды өткізуге тыйым салынады.
Мобильді топ тарапынан жүргізілген кезекті рейд шараларының нәтижесінде 4 кәсіпкерлік нысанда санитарлық талаптардың бұзылу жағдайлары анықталды. Соған сәйкес қолданыстағы заңнама аясында хаттама толтырылып, тиісті органдарға жолданды.




Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі