Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЙЛЕНУ ТОЙЫН ЖАСАҒАН ТҰРҒЫН ЖАЗАЛАНДЫ

ҮЙЛЕНУ ТОЙЫН ЖАСАҒАН ТҰРҒЫН ЖАЗАЛАНДЫ

Аудан көлемінде карантин режиміне сәйкес белгіленген шектеулерді сақтамай адамдардың көп жиналуына жол беріп, жиын- той жасаушылар тиылмай отыр. Соған сәйкес аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ күшейтілген рейд шараларын күнделікті жүргізуде.

Жұмысшы топтың жүргізген түнгі тексеріс шараларының нәтижесінде Арал қаласында тұрғын үй ауласында үйлену тойын жасаған тұрғын анықталды.
Аталған дерек бойынша заңнамаға сәйкес тиісті хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Тұрғындардың көпшілік орындарда шоғырлануына, отбасылық шараларды өткізуге, кәсіпкерлік нысандардың белгіленген шектеу уақытынан артық жұмыс жасауына тыйым салынатындығын хабарлаймыз.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
26 тамыз 2020 ж. 524 0