Үйлену тойын жасаған тұрғын жазаланды

Жұмысшы топтың жүргізген түнгі тексеріс шараларының нәтижесінде Арал қаласында тұрғын үй ауласында үйлену тойын жасаған тұрғын анықталды.
Аталған дерек бойынша заңнамаға сәйкес тиісті хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Тұрғындардың көпшілік орындарда шоғырлануына, отбасылық шараларды өткізуге, кәсіпкерлік нысандардың белгіленген шектеу уақытынан артық жұмыс жасауына тыйым салынатындығын хабарлаймыз.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.