Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕЙД ШАРАЛАРЫ СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

РЕЙД ШАРАЛАРЫ СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында жүргізілген жұмысшы топтың рейдтік шаралары Сексеуіл кентінде жалғасты.
Тексеру барысында екі кәсіпкерлік нысанның шектеу уақытынан артық жұмыс жасағаны анықталды. Бұдан бөлек мобильді топ өкілдерінің жүргізген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде Арал қаласында тұрғын үй ауласында той жасаған екі жағдай белгілі болды. Бұл жағдайларға байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салынып, тиісті шаралар қолданылатын болады.
Қадірлі ағайын!
Карантин режиміне орай енгізілген шектеулерді орындау баршамызға ортақ міндет.
Қазіргі ахуалға сәйкес барлық отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады. Халықтың көп шоғырлануына жол бермей, жақынымызға жанашыр болайық!
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
27 шілде 2020 ж. 448 0