Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Әлемдік пандемияның таралуына орай енгізілген карантин режимінің талаптарын тұрғындар бұлжытпай орындауы тиіс. Аудандық бас санитариялық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеулердің сақталуы әрбір адамның қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Жұмысшы топ мүшелерінің қатысуымен күшейтілген рейд шаралары күн сайын өткізілуде. Карантин талабына бағынбаған жеке тұлғалар мен кәсіп иелеріне ескертулер беріліп, тиісті шара көрілгенімен де талапты бұзғандар әлі де кездесуде.
Түнгі тексеру жұмыстарының нәтижесінде 1 жеке тұрғын үй ауласында үйлену тойы өткізілгені және 1 кәсіпкерлік нысанның шектеу уақытынан кейін ашық тұрғандығы анықталды. Бұл жағдайларға байланысты заң шеңберінбе тиісті шаралар көрілетін болады.
Сонымен қатар, мобильді топ мүшелері тұрғындарға карантиндік шектеулерді орындау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.


27 шілде 2020 ж. 649 0