Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕКІ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ ӨТКІЗІЛГЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

ЕКІ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ ӨТКІЗІЛГЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

Карантин режиміне орай енгізілген шектеулердің сақталуын бақылау үшін мобильді топтың күшейтілген тексеру жұмыстары жалғасуда. Дегенмен тұрғын үйде жиын-той жасау әлі де тиылмай отыр.
Түнгі тексерістің нәтижесінде
2 жеке тұрғын үйдің ауласында үйлену тойы өтіп жатқаны анықталды. Үй иелеріне қолданыстағы заңнама бойынша шара көрілетін болады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Карантин талаптарына сәйкес халықтың көп шоғырлануына тыйым салынады. Тұрғын үйде үйлену тойы, қыз ұзату, құдажол сынды отбасылық дәстүрлі шараларды өткізуге мүлдем болмайтындығын ескертеміз.
Індеттен қорғанудың ең тиімді жолы үйде оқшаулану болып табылады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
27 шілде 2020 ж. 793 0