Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЙЛЕНУ ТОЙЫН ЖАСАҒАН ТҰРҒЫНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ҮЙЛЕНУ ТОЙЫН ЖАСАҒАН ТҰРҒЫНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Карантин режимі талаптарының сақталуын қадағалау үшін құрылған мобильді топтың жүргізген рейд жұмыстарының нәтижесінде қаладағы жеке тұрғын үйде үйлену тойы өткізіліп жатқаны анықталды.
Мобильді топ мүшелері тұрғын үйде болып, той өтіп жатқаны расталған соң, карантин талаптарын бұзғаны үшін үй иесіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салынды.
Алдағы уақытта жұмысшы топ мүшелерінің қатысуымен тексеру шаралары күшейтілген режимде жүргізілетін болады.
Аудан тұрғындарын халықтың көп шоғырлануына жол бермей, үйлену тойы, қыз ұзату, құдажол сынды отбасылық шараларды мүлдем өткізбеуге шақырамыз.
Карантин режиміне орай енгізілген шектеулерді бұзған азаматтар заңға сәйкес жазаланатын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
23 шілде 2020 ж. 744 0