Карантин талабын бұзғандар жауапқа тартылады

Рейд барысында барлығы 19 айыппұл салынды. Оның ішінде ауданда карантин уақытында шектеу шаралары мен санитарлық талаптарды орындамаған кәсіпкерлік нысандарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-тармағына сәйкес, 5 жеке тұлғаға хаттамалар толтырылып, аудандық әкімшілік сотына істері жолданып, қанағаттандырылды. Сонымен қатар мобильдік топ жүргізген рейд жұмыстарының нәтижесінде Арал ауданындағы 8 кәсіпкерлік нысанның қызметкерлеріне және үйлену тойын жасаған 6 жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-тармағына сәйкес хаттамалар толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Дегенмен де ауданда тойларға, отбасылық іс-шараларға тосқауыл қойылмауда.
Құрметті аудан тұрғындары! Карантин ережелерін қатаң сақтайық! Отбасылық басқосулар, жиындар, кездесулерді, тойларды уақытша тоқтатуларыңызды сұраймыз! Сондай-ақ мүмкіндігінше жеке бастың талаптарын қатаң сақтап, қолды жиі жуып, бетперде тағып, көпшілік орындарда арақашықтық сақтауымыз керек. Сонда біз бұл індетті жеңеміз. Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғаларға 30 АЕК– 83340 теңге, ал кәсіпкерлік субъектілеріне 230 АЕК – 638 940 теңге көлемінде айыппұл салынатындығын ескертеді.

Арал аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы