РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған мобильді топ тұрақты түрде рейд шараларын жүргізіп келеді. Түнгі жүргізілген тексеріс шаралары барысында жұмысшы топ өкілдері көңіл көтеру және тамақтанатын орындарды, дүкендерді аралап сағат 23:00-ден кейін жұмысын тоқтату қажеттігін ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Рейд шараларының нәтижесінде белгіленген уақыттан кейін жұмысын жалғастырған бір көңіл көтеру орны анықталып, тиісті хаттамалар толтырылды.
