Аралда сауда үйлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ондағы басты мақсат — халықтың денсаулығын сақтау, індеттің таралу, жұқтыру фактілерінің алдын алып, түсіндірме жұмысын жүргізу. Алдымен кәсіпкерлік нысан иелеріне карантиндік талаптардың сақталуы мен қызметкерлердің қорғаныш қолғаптарын киіп, бетперде тағуы жөнінде ескертпе берілді. Сондай-ақ, ғимарат ішінде жиі дезинфекция жасалып, антисептикалық құрылғылармен қамтамасыз етілуі мен шектеу уақытына дейін ғана жұмыс жасау қажеттілігі айтылды.
Негізінде тоқмейілсуге жол беруге болмайды. Қатаң режим сақтау – өз қолымызда. Тексеру нәтижесінде мобильді топ өкілдері нысан иелеріне аумақтағы тазалық пен залалсыздандыру жұмыстарын үздіксіз атқарылуын тапсырды. Сондай-ақ санитарлық талап жалпыға ортақ екені түсіндірілді. Алдағы уақытта көпшіліктің емін-еркін сауда жасауына жағдай жасалып, кем-кетіктер реттеледі деген сенім бар.
"Толқын" ақпарат