Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы Сексеуіл кентіндегі қауіпсіздік шараларымен танысты

Аудан басшысы Сексеуіл кентіндегі қауіпсіздік шараларымен танысты

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сексеуіл кентінде болып, коронавирус індетінің алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларының барысымен танысып шықты.
Алдымен кентке кіреберіс жердегі тосқауыл бекетіне барып, автокөліктер мен жолаушыларды тексеру жұмыстарын көрді. Бекеттегі қызметкерлерге елдегі жағдайға байланысты сақтық шараларын қатаң түрде жүргізу қажеттігін ескертті. Қазіргі таңда Сексеуіл кентіндегі кіре беріс жолдарға қойылған 2 тосқауыл бекетінде күшейтілген тексеріс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы бірқатар азық-түлік өнімдері сатылатын сауда нысандарын аралап, кәсіп иелеріне ғимаратта антисептикалық құрылғылардың болуын және қызметкерлердің бетперде тағып, қорғаныш қолғабын киіп жұмыс жасауын, басқа да қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екендігін айтып өтті.
Аудан басшысы кент әкімі мен сала басшыларына төтенше жағдай режиміндегі қойылған талаптарға сәйкес жиын-тойларды болдырмау, көшеде адамдардың топтасып жүруіне және автокөлік қозғалысының белгіленген уақыттан кейін тоқтатылуын қадағалауды тапсырды.
Бүгін кенттегі тұрғындар көп жүретін орталық көшелер мен темір жол вокзалының, «Халық банк», «Қазпочта» АҚ бөлімшесі ғимараттарының және банкоматтар маңында санитарлық-дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Мамандар жұқпалы ауруға қарсы дайындалған ерітіндіні арнайы автокөлікпен шашып шықты.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
08 сәуір 2020 ж. 719 0