Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тосқауыл бекеттерінде күшейтілген тексеріс жұмыстары жүргізілуде

Тосқауыл бекеттерінде күшейтілген тексеріс жұмыстары жүргізілуде

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты сақтық шаралары күшейтілген түрде жүргізілуде. Қауіпсіздікті сақтау үшін Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысының шекаралас аймағында «Самара-Шымкент» автожолының 1279 шақырымында орналасқан медициналық бақылау бекетінде жолаушыларды тексеру жұмыстары жалғасуда.
Бүгін аталған бақылау бекетінде Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Байжан Исембекұлы болып, жұмыс барысымен танысты. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қолға алынған тексеріс жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, жауапты сала мамандарына сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.
Денсаулық сақтау мекемесінің және полиция қызметкерлері өңірімізге басқа аймақтардан келетін жолаушылардың жағдайын тексеруде. Алдымен азаматтардың дене қызуы арнайы аппаратпен өлшеніп, қажет болған жағдайда өзге де медициналық қызмет түрлері көрсетіледі. Одан соң жолаушылардың бағыты және жақын арада өзге аймақтарда болғандығы анықталып, байланыс телефондары мен жеке құжат нөмерлері жинақталуда.
Қазіргі уақытта бақылау бекетінде күніне 600-ге жуық жолаушылар тексерістен өткізіледі. Жолаушылар арасында жүк көліктерімен қатынап жатқан Өзбекстан, Қырғызстан елінің азаматтары да бар.
Айта кетейік, Арал қаласына кіре беріс жолдарына қойылған 4 тосқауыл бекетінде де автокөліктермен жолаушыларды тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
06 сәуір 2020 ж. 727 0