Тәртіпті сақтау – ортақ міндет

Қауіпсіздікті сақтауға бағытталған арнайы орындар негізінен халық көп жиналатын «Халық банк» АҚ мен «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшелері ғимаратының алдына белгіленген. Ақ түсті бояумен көрсетілген орындардың арақашықтығы 1,5 метр. Бұл зейнетақы, жалақы, жәрдемақы алу үшін келетін тұрғындардың бір-бірінен алшақ тұрып, вирустың таралуына жол бермей қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолға алынған шара.
Бұдан бөлек, осындай халыққа қызмет көрсету орындарына келген азаматтар ғимараттың кіре берісінде қолдарын арнайы дезинфекциялық дозаторлармен залалсыздандыруда. Сондай-ақ, маскалық режим енгізілуіне байланысты әрбір азаматтың медициналық бетпердемен жүруін қатаң бақылауға алған.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.