Қалада рейд шаралары жүргізілді

Арнайы топ мүшелері тексеріс жұмыстары барысында қоғамдық орындар мен дүкендерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Көпшілік тамақтанатын орындар мен дүкендердің қожайындарына карантиндік талаптардың қатаң қадағалануын ескертіп, таныстыру парағына қолын қойғызды. Сонымен қатар, қызметкерлер мен келушілердің арасында бетперделік режимді сақталуына айрықша көңіл бөлуді тапсырды.
Бірнеше кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту жасаған мобильді топ мүшелері санитарлық талаптар бұзылған жағдайда және шектеу уақытынан артық жұмыс жасау жағдайлары анықталса, бас санитарлық дәрігердің қаулысы негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара көрілетіндігін айтты.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 


