Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі рейд жұмысы жалғасуда

Түнгі рейд жұмысы жалғасуда

Қазіргі таңда аудандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен, босаңсуға ешқандай негіз жоқ. Себебі, өткен бейсенбі күні аудандағы екі мектеп оқушысының коронавирусқа шалдыққаны анықталып отыр. Бұл ешкімді бей-жай қалдырмауы керек.Осы орайда бүгін мобильді топ мүшелерінің қатысуымен кезекті түнгі рейд шаралары жүргізілді. Арнайы топ мүшелері адам көп жиналатын қоғамдық тамақтану орындарын, тойханалар мен сауда нысандарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпкерлік нысан иелеріне санитарлық талаптардың қатаң сақталуы мен қызметкерлердің қорғаныш құралдарын қолдана отырып, бетперделі режимді сақтауы қажет екендігі ескертілді.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегіндегі Қазақстан республикасы Бас санитариялық дәрігерінің №44 қаулысында мейрамханалардағы, арнайы тамақтану орындарындағы адам санының мөлшері арнайы бекітілген болатын. Алайда, рейд жұмыстары барысында Сексеуіл кентіндегі екі бірдей мейрамханада өткізілген тойда адам саны белгіленген мөлшерден артық болғандығы анықталған. Осы ретте карантин талаптарын сақтамаған кәсіп иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес хаттама толтырылып, тиісті құзырлы органдарға жолданды. Бұдан бөлек Арал қаласындағы бір тұрғын үйде де адам санының артық болуы, барлық тойға қатысушылар «Ashyq» жүйесі арқылы бақыланбағаны белгілі болды. Соған сәйкес той иесіне де заң талаптарына сәйкес хаттама толтырылды.
Құрметті аудан тұрғындары! Қауіпті кеселдің алдын алу мақсатында аталған рейдтік шаралар жалғаса беретіндігін ескертеміз. Өз денсаулығымызға, жақындарымызға барынша жанашырлық танытып, сақтық шараларын естен бір сəт шығармауларыңызды сұраймыз. Індеттен сақтанудың бірден бір тиімді жолы инфекцияға қарсы егілу.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
08 қараша 2021 ж. 425 0