Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Індеттің алдын алу мақсатында рейд жүргізілді

Індеттің алдын алу мақсатында рейд жүргізілді

Бүгін карантин режимінде көзделген талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегіндегі Қазақстан республикасы Бас санитариялық дәрігерінің №44 қаулысын басшылыққа ала отырып жүргізілген тексеру барысында мобильді топ бірқатар мейрамхана, қоғамдық тамақтану орындарын аралап, салтанатты жиындар өтіп жатқан тойханаларды арнайы бақылап өтті.

Аудан әкімінің орынбасары, мобильді топ басшысы Б.Жұмағұлов бастаған жұмысшы топ кәсіпкерлік нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап,
кәсіп иелеріне мектеп оқушылары арасында індет жұқтырғандар анықталып жатқандығын және күз мезгілінде жұқпалы аурулар жиіліп, соңы коронавирусқа ұласып жатқандығын жеткізді.

Қауіпті індеттің әлі де болса сап тыйылмай тұрғандығын және елімізде балалар арасында ауру жұқтырғандар саны тағы жиілеп тұрғандығын алға тартқан топ мүшелері инфекцияның алдын алу мақсатында тойхана, қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерде рейд шаралары күнделікті жүргізілетіндігін ескертті. Сонымен қатар індеттің алдын алуда вакцина қабылдаудың маңыздылығын кеңінен түсіндіріп өтті.
Осы ретте әрбір қызмет көрсетіп жатқан кәсіпкерлік нысан бетперде режимін сақтап, арнайы антисептикалық құрылғыларды пайдаланып, халықпен жұмыс жасауға егу шараларынан толық қабылдаған қызметкерлерді тарту қажеттігін қатаң ескертті.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
06 қараша 2021 ж. 334 0