Ауданда түнгі рейд шаралары жүргізілді

Мобильді топ мүшелері дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарын аралап, аудандағы қалыптасқан ахуал жайын айтып, санитарлық талаптардың қатаң сақталуын ескертті. Сонымен қатар, нысанда антисетикалық құрылғылардың болуын тексерді.
Қауіпті вирустың таралуын тежеу бағытында келушілерден маскалы режимді, ара қашықтықты сақтау қажеттігін талап етуді тапсырды.
Барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі