Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов қоғамдық тәртіпті бақылауға байланысты құрылған рейдтік топпен бірге жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралады.
Рейд барысында компьютерлік ойын - сауық орындары, парктер, спорт алаңдары қамтылды.
Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ аудан әкімі кәсіпкерлік нысан басшыларына полиция бөлімімен бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдың алу бағытында бірлескен шаралар атқару қажеттігін жеткізді.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатындағы арнайы рейдтік топтың жұмыстары алдағы уақытта да ұдайы жүргізілетін болады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
22 сәуір 2023 ж. 772 0