«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сондай-ақ, жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында оқушылармен еркін әңгіме жүргізілді.
Кездесуге, Арал АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы полиция майоры А.Сермағанбетова; АПб-нің ЖПҚб-і «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инпекторы, полиция майоры Г.Есенжолова; АПб-нің ЖПҚб-і учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ж.Төребай; сонымен қатар, әкімшілік заңгері Қ.Кәрібаев, медициналық пункт мейірбикесі Л.Жанысова, мектеп директоры Р.Елдесбаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жамашова және ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары қатысты.