ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Құқық бұзушылықтың түсіндіру шаралары 23-30 қараша аралығында аудандық прокуратура, бөлім қызметкерлері мен мектеп инспекторлары, жастар ресурстық орталығы және аймақтық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және әлеуметтік желінің зиянды тұстарын түсіндіру, алдын алу мақсатында 8-11 сыныптың оқушыларымен кездесу өткізуде.
Кездесу барысында жасөспірімдердің тәртібі мен жеке бастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық түсіндірмелер жүргізіліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілуде.
24 қараша күні №220, №260, №64 мектептерде Арал аудандық прокуратураның прокуроры Нұрлыбаев Руслан Нұрлыбайұлы, білім бөлімінің бас маманы Сейітова Ғалия Сүйеубайқызы, мектеп инспекторлары Құлиясов Бақдәулет,Мырзағалиев Дулат, Сағиев Байқазақ және Жастар ресурстық орталығы қызметкері Ержан Сабырбайдың қатысумен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы шара барлық білім беру мекемелерінде жалғасын тауып құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылық, буллинг, кибербулингтің алдын алу бағытындағы профилактикалық құқықтық сағаттар өткізіліп, әлеуметтік желіге жариялануда.
Сонымен бірге аудандық медицина мамандарының қатысуымен қыз балалар арасында ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушіліктің алдын-алуға байланысты дәрістер өткізіліп, медициналық кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
"Толқын" ақпарат