"КВАДРАТ" ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

"Квадрат" жедел-профилактикалық шарасы аясында құқық бұзушылық көріністерін анықтау, кент көшелерін патрульдеу, сол аймақтарда ішкі істер органының профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын тұлғаларды және қару иелерін тексеру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қоса, тұрғындармен пікір алмасу арқылы бұзақылық, бөтен мүлік қылмысының алдын-алу мақсатында түсіндіру шаралары қамтылды.