Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Аудан орталығында қоғамдық тәртіпті бақылауға байланысты құрылған рейдтік топ жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралады.
Рейд барысында компьютерлік ойын - сауық орындары, парктер, спорт алаңдары қамтылды.
Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ кәсіпкерлік нысан иелеріне құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында сақтық шараларын бақылауда ұстап, алькоголды өнімдерді түнгі мезгілде босатпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатындағы арнайы рейдтік топтың жұмыстары алдағы уақытта да жүргізілетін болады.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі 
05 сәуір 2025 ж. 98 0