Рейд жұмысы жалғасуда
Аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, білім беру мекемелерінің қызметкерлерінен құралған мобильді топ жасөспірімдер жиі жиналатын орындарда тексеру жұмыстарын жүргізді.Рейд аясында қала аумағындағытойханалар мен мейрамханалар кафе және бильярд орындары, компьютерлік клубтар, ойын-сауық нысандары, қоғамдық орындар мен спорт алаңдары қамтылды.Тексеру барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз көшеде немесе қоғамдық орындарда болуына шектеу қойылғаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, алкагольді өнімдер мен темекі өнімдерінің кәмелетке толмағандарға сатылмауы, шектелген уақыттан соң мүлдем сатылмау қажеттігі түсіндірілді.Айта кетейік, дәл осындай рейдтік шаралар Жақсықылыш кентінде де жүргізілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі