«Игі іс – ізгілік бастауы» экоакциясы өтті
Қызылорда қаласында «5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күніне» орай «Игі іс – ізгілік бастауы» атты экоакция ұйымдастырылды.«Қарияға құрмет – біздің асыл міндетіміз» ұранын негізге алған бір топ қызылордалық жастар Қызылорда қаласындағы «Қарттар үйінің» аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Экоакция барысында жастар мекеме ауласын қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға белсенді атсалысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, аға буынға құрмет көрсету, қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Жастардың игі бастамасы қоғамдағы өзара көмек пен қамқорлықтың маңызын айқындап, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Таза орта – ортақ міндет, игі іс – ізгілік бастауы!
#ХалықаралықҚайырымдылықКүні
#Қызылорда








