Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық – адамгершіліктің асыл қасиеті

Қайырымдылық – адамгершіліктің асыл қасиеті

Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар Наурызнама онкүндігі аясында жалғасын тауып, 15 наурыз – Қайырымдылық күні Арал қаласында ерекше мазмұнда аталып өтті. Ізгілік пен мейірімділікті дәріптеген бұл күні «Толқын» газетінің редакциясы мен кітапхана қызметкерлері белсенді түрде атсалысты.  
Мерекелік шара «Шаттық» киіз үйінің алдында ұйымдастырылып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Киіз үй маңы думанға толып, үлкендер мен жастар бір-біріне ізгі тілектерін айтып, мерекенің шынайы атмосферасын сезінді.
         Шара барысында Айна Тұяқова бастаған Жыраулар үйінің қызметкерлері жыр-термелерін орындап, ұлттық өнердің рухани құндылығын паш етті. Ал аға буын өкілдері жүрекжарды өлеңдерін оқып, көпшілікке тағылымды ой тастады. Балаларға тәттілер таратылып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Сонымен қатар рухани байлықтың бастауы саналатын кітаптар таратылып, оқырмандарға ерекше сый жасалды. Бұл игі іс кітапқа деген қызығушылықты арттырып, жас ұрпақтың білімге құштарлығын оятуға бағытталды.
         Қайырымдылық күні аясында өткен бұл шара мейірім мен жанашырлықтың, бірлік пен татулықтың айқын көрінісіне айналды. Ізгілікке негізделген мұндай бастамалар қоғамда адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, Наурыз мерекесінің мән-маңызын тереңдете түсетіні сөзсіз.
А.НҰРЛАНОВА
17 наурыз 2026 ж. 91 0