Қызылорда облысы бойынша электронды еңбек биржасына жарияланған бос жұмыс орындары туралы ақпарат
Облыс көлемінде ағымдағы жылдың 8 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жұмыс берушілер тарапынан «Enbek.kz» электронды еңбек биржасына барлығы 2 202 бос жұмыс орны жарияланды (жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қоса алғанда).Жарияланған бос жұмыс орындарының арасында жалақы мөлшері бойынша 250–300 мың теңге аралығында техникалық менеджер, сауда өкілі, экономист, тракторист, автокөлік жөндеу слесарі, қойма меңгерушісі, есепші, сапа жөніндегі инженер, бағалаушы, инженер-энергетик, ағаш ұстасы, электромеханик, сатып алу жөніндегі маман, дәрігер және басқа да мамандықтар бойынша жұмыс орындары бар.
Сонымен қатар, жалақысы 300–600 мың теңге аралығында болатын сауда өкілі, инфекционист дәрігер, сот-медициналық сарапшы дәрігер, геодезист, бульдозер машинисі, невролог дәрігер, бас механик, кредит-менеджер, информатика пәнінің мұғалімі, бас инженер, электромонтажшы, автокөлік жүргізушісі, авиациялық диспетчер, сапа инженері және басқа да мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылған.
Ал жалақысы 600–1 200 мың теңгені құрайтын бас инженер, қаржы құрылымы бөлімшесінің басшысы, клиникалық фармаколог дәрігер, авиациялық диспетчер, қойма жұмысшысы, қоймашы, тауар жинақтаушы, құс фабрикасының жұмысшысы және басқа да мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары жарияланған.
Жұмыс іздеуші азаматтар күнделікті «Enbek.kz» электронды еңбек биржасы арқылы облыс аумағындағы жұмыс берушілер жариялаған бос жұмыс орындарымен танысып, өз біліктілігі мен талаптарына сәйкес келетін жұмыс орындарына өз түйіндемелерін жолдай алады.










