Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды
Сарапшылар Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек ресурсын дамыту орталығына сілтеме жасап.
Жарияланған тізімде бірінші орында заңгерлер тұр. Былтырғы жарты жылдың көрсеткіші бойынша электронды еңбек биржасында заңгерлердің бос 1 221 жұмыс орны жарияланған. Ал жұмыс іздеушілердің саны 4 818 адам болған.
Сондай-ақ, төмен сұранысқа ие мамандықтардың бестігінде әлеуметтік қызметкерлер (2 400-ден аса түйіндеме) , аспаздар (2 мың түйіндеме), техниктер-бағдарламашылар (1 500) мен іс жүргізушілер (1 500-ға жуық) бар.
Ал жоғары сұранысқа ие мамандықтарға бүгінде экономистер, шаштараздар, қаржы қызметкерлері, тігіншілер мен техник-технологтар кіреді. Бұдан бөлек, сарапшылар сатушы, дене шынықтыру пәні мұғалімі, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, эколог, инженер-экономист мамандықтарға да сұраныстың төмен екенін айтады.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-tomen-suranyiska-ie-mamandyiktardyin-tzm-300171/Сондай-ақ, төмен сұранысқа ие мамандықтардың бестігінде әлеуметтік қызметкерлер (2 400-ден аса түйіндеме) , аспаздар (2 мың түйіндеме), техниктер-бағдарламашылар (1 500) мен іс жүргізушілер (1 500-ға жуық) бар.